Әлемде қала халқының саны 70%-ға жетуі мүмкін
Әлем халқының шамамен 60 пайызы қалада тұрады.
2050 жылға қарай 70 пайыздан асады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бұл. Әсіресе, қиян-дағы қыстаудағылар емес, дамушы елдердің тұрғындары қалаға құмар. Көбіне күн райы жақпайды. Сосын жер тарлық етеді. Экономиканың да әсері бар. Әлемде қазір мегаполистер көбейіп жатыр. Адам саны 10 миллионнан асатын алып қалалар қатары 33-ке жетті. Жарты ғасыр бұрын бұл сан 4 есе аз болатын. Мегалопистердің 19-ы Азияда орналасқан. Урбандалу Бейжің, Нью-Йорк, Дели сияқты алып шаһарларда су тапшылығын тудырып отыр. Қалалардың тым көбеюі себепті жер бетінде 3,4 миллиард адам баспанаға мұқтаж.