Саудия Йеменге соққы жасады
Сауд Арабиясының әуе күштері Йемен астанасы Санаға және тағы үш провинцияға соққы жасады.
Саудияның әскери ұшақтары бір тәулік ішінде Таиз, Саада және Әл-Жауф провинцияларындағы азаматтық және телекоммуникация нысандарын 47 рет атқылаған. Бұл туралы хуситтер қозғалысының өкілі Яхья Сари мәлімдеді. Ал Саудия бастаған коалиция хуситтерді ел нысандарына дрон және баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады деп айыптады. Айта кетейік, Йемендегі қазіргі шиеленіс 2022 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының арағайындығымен жасалған бітімнен кейінгі ең ауқымды қақтығысқа айналып отыр.