Хуситтер Йемендегі стратегиялық маңызды қалаларды басып алуды көздейді

Хуситтер Йеменнің оңтүстік-батысындағы стратегиялық маңызды қалаларды басып кірмек.

Бұдан қауіптенген Йемен үкіметі әскери қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Полиция Аден көшелерін патрульдеуге кірісті. Арнайы операция кезінде өткізу бекеттеріндегі бақылауды күшейтіп, жолдағы көліктерді тексере бастады. Жалпы аймақта қарулы қақтығыс басталғалы қылмыс та көбейген. 133 мыңнан астам адам баспанасын тастап, өзге елдерге бас сауғалады. Ал таулы аймақтарда ұрыс-қимылдар жалғасып жатыр. Хуситтер Сауд Арабиясын да атқылауда. Өйткені Эр-Рияд Йемен билігіне әскери қолдау көрсетуді доғарар емес.

Сондай-ақ оқыңыз: