Саудия Йемен астанасын 26 рет соққылады

Сауд Арабиясының әскери ұшақтары Йемен астанасы Санаға 26 рет әуе соққысын жасады. Бұл туралы хуситтердің бақылауындағы SABA агенттігі хабарлады.

Ақпарға қарағанда, соққылар Нақм, Аттан, Эс-Сабаин және Эн-Нахдайн аудандарына жасалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Бұған дейін де Санада күшті жарылыстар болғаны хабарланды.

Айта кетейік, Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері тоқтаған жоқ. Қазір елде хуситтер мен Сауд Арабиясы қолдайтын үкімет күштері арасында шайқас жалғасып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз: