Сауд Арабиясы Йеменге шабуыл жасады  

Сауд Арабиясы Йеменде жүзден астам әуе соққысын жасады. Бұл туралы Хуситтер өкілі Яхья Сариа мәлімдеді. 

Ол ел астанасы Сана мен Әл-Джауф, Таиз және Амран провинцияларының шабуылға ұшырағанын айтады. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Ресми Рияд әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Сауд Арабиясы шілдеде Сана әуежайын бомбалағаннан кейін олардың хуситтермен текетіресі ушығып кетті. Өткен айдың басында олар Баб-әл-Мандеб бұғазын басып алып, кемелердің жүріс-тұрысын өз бақылауына алды. Содан бері хуситтер Саудияны үздіксіз шабуылдап жатыр. Осылайша олар Қызыл теңіздегі бекінісін күшейтіп алған. Кейінгі шабуылдардың бірінен кейін Сауд Арабиясында тәулігіне 5 млн баррель мұнай өндіретін стратегиялық маңызы ерекше құбырдың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 

Сондай-ақ оқыңыз: