Джибутиде кеме апатынан 139 мигрант қаза тапты

Джибути елінде кеме апатынан 139 босқын көз жұмды.

Тағы 84 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 82-сі тірі қалды. Көз жұмғандар арасында балалар мен әйелдер көп. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады. 305 мигрант мінген кеме Джибутиден Йеменге бара жатқан. "Рейтердің" жазуынша, қайғылы оқиға түнде болған. Джибути билігі құрбандар саны артуы мүмкін деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз: