Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі мүмкін
Мұны АҚШ президенті Ақ үйде өткізген брифингте мәлімдеді. Ол Солтүстік Корея басшысымен жақсы тіл табысатынын айтқан. Трамп келесі айдың ортасында Азияға сапарлауды жоспарлап отыр.
16 қарашада Филиппинде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының, ал 18-19 қарашада Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының саммитіне қатысуға ниетті. Жалпы Трамп президенттігінің бірінші кезеңінде, яғни осыдан 7-8 жыл бұрын Ким Чен Ынмен 3 рет кездескен.