Хуситтер шабуылынан қаза болғандар саны 18-ге жетті

Сауд Арабиясындағы халықаралық әуежайларға жасалған зымыран шабуылдарынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті, деп хабарлайды 24KZ.

300-ден астам адам жараланған. Мұны елдің Азаматтық авиация басқармасы хабарлады. Қарулы топ аймақтағы әуе айлақтарын шабуылдауды 6-шы қазанда бастаған. Салдарынан бірқатары жұмысын тоқтатып, терминалдар әлі толық іске қосылған жоқ. Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17-ші қазанға дейін жабық. Мамандар келтірілген шығынды бағалап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: