БҰҰ: Таизде ұн қоры таусылуға жақын

Йемендегі қарулы қақтығыстың күшеюі елдегі гуманитарлық ахуалды одан әрі қиындатып отыр. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, Қызыл теңізге жақын орналасқан Таиз қаласында үш аптаға жетер-жетпес ұн қалған. Соғыстың кесірінен аймаққа азық-түлік жеткізу қиындады. Соның салдарынан өнім бағасы 50 пайызға дейін қымбаттады. Жанармай тапшылығына байланысты ауруханалардың жұмысы да тұрақсыз. Қазір халықаралық ұйымдар дағдарыстың салдарын жеңілдету үшін шұғыл көмек көрсетіп жатыр. Тамыз айынан бері шамамен 148 мың тұрғынға гуманитарлық қолдау көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз: