АҚШ Гренландияның жер қойнауын барлайды

АҚШ Гренландиядағы пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жасайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Президент Трамп Truth Social әлеуметтік парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, аралда мұнайдың мол қоры бар. Сарапшылардың пікірінше, Гренландияның табиғи ресурстарын зерттеу күрделі әрі қымбатқа түседі. Мамандар арал аумағының 80 пайызын мұз басқанын, ал көптеген кен орындары Арктиканың жетуге қиын өңірінде орналасқанын айтады. Трамптың аралды аннексиялау туралы қоқан-лоққысынан кейін Вашингтон, Копенгаген және Нуук арасында келісім орнады. Құжатта Гренландия аумағында америкалық әскери базалар құруға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыруға мүмкіндік беру қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз: