Кенияда Эболаның екінші жағдайы расталды
Кенияда тағы бір адамнан Эбола вирусы анықталды. Науқас өткен аптада осы аурудан қайтыс болған адамның туысы болып шықты, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір науқастармен байланыста болған 100-ден астам адам дәрігер қарауында. Осыған байланысты ел билігі шекаралар мен әуежайлардағы санитарлық бақылауды күшейтті. Эбола жұқтыру қаупі жоғары елдерден келетін рейстерге бөлек терминал бөлінген. Жолаушылардың дене қызуы тексеріліп, медициналық декларация толтыру міндеттелді. Сондай-ақ әуежайларда қол жуу және залалсыздандыруға арналған арнайы бекеттер жұмыс істеп тұр.