Әлемде кофе арзандады

Әлемдік нарықта кофе бағасы 8,7 пайызға арзандады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған Бразилияда кофе өнімінің рекордтық деңгейге жетуі себеп. Сарапшылар биыл әлемде 183,5 млн қап кофе өндіріледі деп болжайды. Ал тұтыну азайса, нарықтағы артық өнім көлемі 3 млн қапқа жетуі мүмкін. Дегенмен тамызда әлемдік кофе саудасында өсім байқалды. Экспорт көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,5 пайызға артқан. Өсімге Бразилия мен Вьетнамнан жеткізілетін кофе көлемінің артуы әсер еткен. Ал Орталық Америка мен Африканың бірқатар елінде экспорт керісінше азайған.

Сондай-ақ оқыңыз: