Индонезияда жоғалған жолаушылар ұшағы іздестірілуде

Индонезияда жоғалған жолаушылар ұшағы іздестірілуде

Индонезияда жоғалған Boeing 737-500 ұшағын іздеу операциясы жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ауа райы қолайлы болса, 40 сүңгуір теңіз астына түсуі керек. Джакартадан Понтианакқа ұшып шыққан әуе кемесінде 62 адам болған. 56-сы жолаушы, алтауы экипаж мүшесі. Арасында 10 кәмелетке толмаған бала бар. Индонезияның Транспорт қауіпсіздігі комитетінің хабарлауынша, жолаушылардың барлығы жергілікті азаматтар. Лайнер көкке көтерілген соң 4 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша ол Ява теңізіне құлап, тұрғындар кейбір металл қалдықтарын Индонезия жағалауынан тапқан. Әуе компаниясының өкілдері ұшақтың техникалық жағдайы жақсы болған деп сендіреді. Ал, жолаушылардың туыстары әуежайда күтіп жүр.

Иаман Зал, ұшақ жолаушысының әкесі:

- Понтианак қаласында жұмыс істеп жатқаныма 1 жылдай болды. Ұшақта тұңғыш қызым болған. Әуежайға күтіп алу үшін келген едім. Енді оны қайтып көре аламын ба?