Алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды

Алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды

Американың Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында алғаш рет гориллалардың коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелді.

«Сан-Диегодағы хайуанаттар бағында Сафари паркіндегі гориллалардан SARS-CoV-2 вирусы анықталды. 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастаған. 11 қаңтарда ветеринарлық қызметкерлер оң нәтижені растады», - делінген хабарламада.

Болжам бойынша жануарлар коронавирусты парк қызметкерінен жұқтыруы мүмкін.