Индонезияда жер сілкінісінен аурухана қирады

Индонезияда жер сілкінісінен аурухана қирады

Индонезияда жер сілкінісі салдарынан аурухана құлап, дәрігерлер мен пациенттер үйінді астында қалды, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

Бұған дейін үш адам қаза тауып, 24 адам жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. 6,2 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Сулавеси аралындағы Мамуджу қаласының маңында болған.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Агенттіктің мәліметінше, үйінді астында оннан астам адам қалды.