Сингапурде халыққа вакцина салу басталды

Сингапурде халыққа вакцина салу басталды

Сингапурде халықты коронавирустан жаппай вакциналау науқаны басталып кетті.

Ең алдымен екпе медицина саласының қызметкерлеріне егілді. Оларға «Пфайзер» мен «Бионтек» компаниялары шығарған вакцина салынды. Келесі болып кезекте жұмысында жұртпен жиі араласатын қызметкерлер тұр. Мәселен, жақын арада әуе қатынасы және теңіз тасымалы салаларында еңбек ететін 37 мыңнан аса адамға екпе егу көзделіп отыр. Ал ақпан айында жасы 70-тен асқан кісілерді вакциналай бастайды. Жалпы үкімет күзге дейін 5 миллион 700 мыңнан аса адамға екпе салуды көздеп отыр.

Айта кетер жайт, «Пфайзер» мен «Бионтек» компаниялары шығарған вакцинаның алғашқы партиясы Сингапурге өткен жылдың желтоқсан айында жеткізілді. Ол осы вакцинаға қол жеткізген Азиядағы бірінші мемлекет болды.

Джеймс Ли,  дәрігер:

- Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Вакцина алғаннан кейін бойымнан ешқандай өзгеріс байқамадым. Екпені ауыртпай салды.