Ларри Кингтің неден көз жұмғаны белгілі болды

Ларри Кингтің неден көз жұмғаны белгілі болды

Америкалық теле және радиожүргізуші Ларри Кинг 87 жастан асқан шағында дүниеден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы қаңтар айының басында ол коронавирус жұқтырып, Лос-Анджелестегі ауруханаға түскен болатын. Бұған дейін оның денсаулығы бірнеше рет сыр берген. Аты аңызға айналған тұлға диабетпен ауырып, жүрек талмасынан зардап шегіп, тіпті өкпе рагына да шалдыққан.

Ол «Си-Эн-Эн» арнасындағы «Ларри Кинг Лайв» ток-шоуы арқылы бүкіл әлемге танылды. Тіпті бұл бағдарлама бір адам тізгіндеген ең ұзақ мерзімді шоу ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ларри Кинг 25 жыл бойы үзбей жүргізген ток-шоуда 50 мыңнан астам сұхбат алған екен.

Атақты тележүргізуші Ларри Кинг дүниеден өтті