Чилиде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды

Чилиде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды

Екпе қытайлық «Sinovac» компаниясының вакцинасымен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды шара жасы 90-нан асқан қарттарды егуден басталды. Алғашқы кезеңде медицина қызметкерлерін, емханаларда тәжірибеден өтіп жатқан студенттерді және балалар үйінде тәрбиеленушілерді вакциналау жоспарланған. Билік наурыздың соңына қарай күніне 100 мың адамды егуді көздеп отыр. 1 мың 400 екпе орталығы ашылған. Жалпы үкімет 19 миллион тұрғынның 15 миллионын алдағы 6 айда егіп бітірмек. Чилиде жалпы 730 мыңнана аса адам вирусты жұқтырған.

Клара Рамело, Сантьяго қаласының тұрғыны:

- Вакцина көптеген ауруды жеңетін тиімді әдіс екені белгілі. Сондықтан екпе салу – маңызды іс. Бұл қадам коронавирус індетінен де қорғауға көмектеседі. Егер екпе салдырмасақ індетті жеңу қиынға соғады, қауіпті вирус ел ішінде тарай береді.