Мишель Обама Netflix-те балаларға арналған бағдарлама шығарады

Мишель Обама Netflix-те балаларға арналған бағдарлама шығарады

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мишель Обама Netflix стримингтік платформасында балаларға арналған жаңа шоудың басталатынын жариялады.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

Бағдарламада әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті мен асханасы туралы айтылады. 16 наурызда жарыққа шығатын шоу «Вафли + Моти» деп аталады.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің продюсерлік компаниясы Netflix үшін алты жоба жасайтыны туралы ақпарат тараған.