Сауд Арабиясында карантин ұзартылды

Сауд Арабиясында карантин ұзартылды

Сауд Арабиясында коронавирустың таралуын тоқтату үшін карантиндік шектеулер наурыздың 8-іне дейін ұзартылды.

Себебі елде соңғы апталарда вирусты жұқтырушылар қарасы қайта өскен. Осыған байланысты ақпанның 5-і күні енгізілген карантинді ұзарту шешілген. Оған сай кинотеатр, ойын-сауық және фитнес орталықтар жабылып, спорттық және өзге де шаралар тоқтатылды. Мейрамхана мен дәмханаларға тағамды жеткізіп беру бойынша ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Ал ресми дерекке қарағанда Сауд Арабиясында биыл ақпан айынан бастап індет қайта өршіген. Билік вирусты күн сайын 300 адам жұқтырып алып жатқанын айтады.