Австралияға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Австралияға Pfizer вакцинасы жеткізілді

Австралияға «Пфайзер» вакцинасының алғашқы 142 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Бұл елде вакциналау 22 ақпанда басталуы тиіс.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бірінші кезекте екпені медицина қызметкерлері, қарттар және карантин кезінде жұмыста жүргендер алады. Сондай-ақ ел премьер-министрі Скотт Моррисон да жұрт көзінше алғашқы болып егілетінін мәлімдеді. Бұдан басқа, Австралияда «АстраЗенека» вакцинасы жақында мақұлдануы мүмкін. Жалпы бұл ел «Пфайзердің» 20 миллион, ал «АстраЗенеканың» 53 миллион 800 мың дозасына тапсырыс берген.

Грег Хант, Австралияның денсаулық сақтау министрі:

- Қабылдау, жеткізу процестерін толық аяқтауымыз қажет. Сосын 22 ақпанда, яғни келесі дүйсенбіде басталатын вакциналау кезінде алғашқы 80 мың доза салынады.