Үндістанда мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті

Үндістанның Уттаракханд штатында мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті.

«Бүгін Тапован туннелінен үш мәйіт шығарылды, соның нәтижесінде қаза тапқандар саны 54-ке жетті. Тағы 179 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Құтқару операциясы жалғасуда», - деді полиция өкілі.

Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Үндістанның Уттаракханд штатындағы Гималай тауында мұз еріп өзенге түсіп, су тасқыны жүрген болатын.

Үндістанда мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны артты