Pfizer/Biontech вакцинасы әлсіз болып шықты

Pfizer/Biontech вакцинасы әлсіз болып шықты

Тағы бір вакцина коронавирустың жаңа штамына қарсы әлсіз болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгіме Pfizer және Biontech компанияларының ортақ вакцинасы жайлы. Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, вирустың оңтүстікафрикалық мутациясы бұл екпенің тиімділігін үштен екіге төмендетеді деген қорытындыға келген. Осыған дейін оңтүстікафрикалық штамм AstraZeneca екпесінің де тиімділігін төмендетені белгілі болды. Сол себепті Оңтүстік Африка Республикасы бұл препараттан бас тартты. Ал Еуропадағы бірнеше мемлекетте дәріні жасы 65-тен асқандарға егуге тыйым салынған. Негізі вирустың африкалық штамы әлемнің 40 шақты елінде тіркелген. Ал соңғы дерек бойынша бұл мутация екі есе тез жұғатын болып шықты.