«Атлетико Мадрид» стадионы вакциналау орталығына айналды

«Атлетико Мадрид» стадионы вакциналау орталығына айналды

Чемпиондар лигасының матчтары өтетін алаң вакциналау орталығына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Атлетико Мадрид» футбол клубының стадионында үлкен екпе салатын орын жасақталды. Осы жерде мыңдаған полицей мен шұғыл қызмет мамандары AstraZeneca екпесінің алғашқы дозасын салдырған. Ел билігінің мәлімдеуінше, аренада күніне 10 мың адамға дейін егуге болады. Осылайша, Мадридте вакциналау қарқыны күшейді. Осыған дейін Испания бойынша 2 миллионнан астам тұрғын екпе салдырған.

Хавьер Херрера, полиция қызметкері:

- Кезегімді тағатсыздана күткелі қашан. Ендігі тілек – екпе шаралары осы қарқынмен жалғасып, көбірек адам салдырса деймін. Осылайша, бәріміз қалыпты өмір жағдайына жылдам оралар едік.