Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады. Бұл туралы бүгін өзбек елінің Ұлттық тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ташкент пен Душанбе арасындағы алғашқы чартерлік рейстер 5 қаңтардан басталмақ. Ал тұрақты әуе қатынасы көктемге қарай толық іске қосылуы мүмкін. Әуе билеттері қазірден сатылып жатыр. Айта кетейік, екі ел арасындағы әуе рейстері өткен жылдың 16 наурызында тоқтатылған еді.