Никол Пашинян өз жақтастарын алаңға шығуға шақырды

Никол Пашинян өз жақтастарын алаңға шығуға шақырды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз жақтастарын 1 наурызда алаңға шығуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол Фейсбуктегі өз парақшасында жазған. Айтуынша, бұл күні Еревандағы Республика алаңында шеру өтеді.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда Армения Қарулы күштерінің Бас штабы премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осыдан кейін елде Пашинян қарсыластары мен жақтастарының шерулері өтті. Премьер-министр елдегі жағдайды асқындырмау үшін жақтастарын таратты. Алайда оппозиция өкілдері райынан қайтпады. Ал Қорғаныс министрлігі саяси дауға қарулы күштерді араластырмауды талап етті. Бұл мәлімдеме министрлік сайтында жарияланды.