Эфиопияға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді

Эфиопияға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді

Эфиопияға коронавирусқа қарсы «АстраЗенека» компаниясының 170 мың дозадай вакцинасы жеткізілді.

Екпе дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кедей және кірісі орта елдерді вакцинамен қамтамасыз етуге арналған «КОВАКС» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы елге қарастырылған 2 миллион дозаның алғашқы партиясы Үндістаннан әкелінген. Онымен ең алдымен медицина қызметкерлерін егу қарастырылған.