Буэнос-Айресте шектеулер жеңілдетілді

Аргентина астанасында шектеулер жеңілдетіліп, кинотеатр, көрме жән өзге де мәдени орындар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс уақыты ұзартылып, ғимарат ішінде тамақтануға рұқсат етілді. Енді жергілікті билік стадиондарға көрермендерді кіргізу мәселесін қарастырып жатыр. Биліктің мұндай қадамға баруына елде эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсарып, ауруханаларға түскен науқастар санының азаюы себеп болған. 

Федерико Пигнатаро, кинотеатр менеджері:

– Коронавирустан ең көп зиян шеккен кинотеатрлар. Себебі біз індет кезінде мүлдем жұмыс істемедік. Сондықтан үкіметтің кинотеатрларды қайта ашу туралы шешіміне өте қуаныштымыз.