Еуроодақта 6 млн жұмыс орны қысқарған

Еуроодақта 6 млн жұмыс орны қысқарған

2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың екінші тоқсаны аралығында Еуроодақ аумағында 5,7 миллион жұмыс орны қысқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еңбек және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Еуропа қоры хабарлады. Аталған мекеме келтірген мәліметке сәйкес, жұмыссыз қалғандардың дені жастар екен. Сала бойынша дағдарыстан ең көп зардап шеккен туризм, қоғамдық тамақтану секторлары. Ал елге жіктеп қарайтын болсақ, кеселдің зиянын ең көп Франция, Польша, Италия мен Грекия мемлекеттері көрген.