Бекшин Алматыдағы карантин талаптарын күшейтті

Бекшин Алматыдағы карантин талаптарын күшейтті

Алматыда індет ушықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологиялық ахуал нашарлай түсті. Өткен тәулікте вирус жұқтырған 437 адам анықталған. Сондықтан қаланың Бас санитарлық дәрігері карантин талаптарын күшейтуді ұйғарды. Алдағы бір апта бойы сауда орталықтары жұмыс істемейді. Спорт кешендер де жабық болады. «Медеу» мен «Шымбұлаққа» баратындардың санына шектеу қойылады. Бильярд, караоке, түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.