Испания жағалауында судан 26 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында судан 26 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында кеме апатына ұшыраған 26 мигрант құтқарылды.

Қызыл Крест ұйымының мәліметі бойынша оқиға Гран-Канарияның оңтүстік жағалауында болған. Қайықта отырғандардың арасында әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балалар да бар.

Айта кетейік, пандемияға қарамастан кәрі құрлыққа табан тіремек болған мигранттардың нөпірі толастар емес. Статистикаға сәйкес өткен жылы Канар аралдарына бет алғандардың қатары 2019 жылмен салыстырғанда 8 есеге артқан. БҰҰ мәліметі бойынша жолға шыққан жүздеген босқын Атлант мұхитында апатқа ұшырап, суға кетті.