Байден алғашқы 100 күнінде вакциналау науқанын ұлғайта түспек

Джо Байден өзінің президент ретіндегі алғашқы 100 күнінде 200 млн адамға коронавирусқа қарсы екпе егіледі деп уәде берді. Бастапқыда 100 млн тұрғын вакцина қабылдайды деп жоспарланған еді. Алайда Байден бұл мақсатына  мерзімнен бұрын қол жеткізген.

Айтуынша, бүгінде мұндай нәтижеге әлемде бір де бір мемлекет жеткен емес. Енді екпе қабылдайтындардың санын екі есеге арттыру мүмкіндігі туып отырғанын алға тартты.

Естеріңізге салайық, АҚШ ковид-19 дертіне шалдыққандардың саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған ел. Құрама Штаттарда пандемия басталғалы қауіпті вирусты 30 млн астам адам жұқтырған.

Сондай-ақ...