Египетте екі пойыз соқтығысып, 30-дан астам адам көз жұмды

Египетте екі пойыз соқтығысып, 30-дан астам адам көз жұмды

Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 30-дан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 60-тан астамы жарақат алған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қайғылы оқиға Сохаг провинциясында болған. Апат кезінде 3 вагон шойын жолдан шығып кеткен. Қазір бұл жерде төтенше жағдай қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.