Иорданияда Корольдің інісі үйқамаққа алынды

Иорданияда Корольдің інісі үйқамаққа алынды

Иорданияда Корольдің інісі Хамза ибн Хусейн ұсталды.

Бұл туралы The Washington Post және BBC басылымдары хабарлады. Әскерилер бұрынғы мұрагер ханзаданы билік пен Король Абдалла екіншіге сыни пікір айтқаны үшін үйқамаққа алынған. Онымен бірге тағы 20-ға жуық жоғары лауазымды шенеунік ұсталыпты. Болжам бойынша бәрі бүлік ұйымдастырмақ болған. Дегенмен, ресми айып жайлы әзірге қандай да бір ақпарат жоқ. Хамза бен Хусейн төрт жыл бойы Иорданияның мұрагер ханзадасы атанып келді. Кейін бұл титул қазіргі монархтың үлкен ұлына берілді.