Бразилияда биліктің вируспен күрес шараларын арнайы комитет тергейді

Бразилияда биліктің вируспен күрес шараларын арнайы комитет тергейді

Бразилияда биліктің коронавируспен қалай күресіп жатқанын тергеу үшін арнайы комитет құрылатын болды.

Өйткені елде індеттің таралуы бақылаудан шығып бара жатыр. Кейінгі тәулікте вирустан 4200-ден аса адам көз жұмған. Ауруханаларда орын тапшы. Жекеменшік клиникалардың 75 процентінде науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қоры бір аптаға ғана жетеді. Соған қарамастан, Бразилия президенті қатаң карантин енгізуден бас тартып отыр.