Испанияда тек жалаң аяқ жүруге болатын қонақүй ашылады

Испанияда тек жалаң аяқ жүруге болатын қонақүй ашылады

Жалаң аяқ жүру адам денсаулығы үшін көп пайда келтіретіні рас. Ал Испания қазіргі күні трендке айналып бара жатқан barefoot luxury тұжырымдамасын күнделікті өмірге барынша ендірмек ниетте. Елдің Ибица аралында Nativo Hotel Ibiza қонақ үйін салып жатқан компания бұл ниетті жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

Отель теңіз жағалауында орналасқан. Затына атауы сай «Siesta» қонақ үйі 1 мамырда ашылады. Бұл мейманхананың басым бөлігінде әдеттегі еден орнына құм төселген, сондай-ақ айналасы жасыл желекпен көмкеріліп, күн сәулесі көптеп түседі. Қонақүй иелері мұның барлығы келушілердің тек физикалық түрде босаңсып ғана қоймай, ой еркіндігіне шомуына да жақсы мүмкіндік тудырарына сенімді.

Төрт жұлдызды «Siesta» отелінде бірнеше бассейн бар.

espanarusa.com

Аударған: Г.Абилова