Чилиде 74 млн жыл бұрын өмір сүрген жануардың сүйегі табылды

Чилидің оңтүсітігінде қазба жұмыстары кезінде ғылымға беймәлім жаңа сүтқоректінің сүйектері табылды.

Ғалымдардың пайымдауынша, жануар шамамен 74 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Оған «оретериум тзен» деген ат берілді. Мамандар «ол кезде өңірдің климаты ылғал болса керек» дейді. Сондықтан мұнда түрлі жануарлар мекендеген болуы мүмкін. Осы ретте ғалымдар аймақта қазба жұмыстарын жалғастыруға ниетті. Олар әлі көп олжаға тап боламыз деп отыр. 

Серхио Сото, палеонтолог:

- Бұл қорек талғамайтын жануар болса керек. Ол етті де, шөпті де жеген. Өйткені төменгі жағы жақсы сақталған. Сүтқоректі денесінің ұзындығы 30 сантиметрден аспаған. Енді біз жергілікті фаунаның эволюциясына қатысты көп сұраққа жауабын табуымыз мүмкін.

Сондай-ақ...