Колумбия астанасы Боготада үш күндік карантин жарияланды

Колумбия астанасы Боготада үш күндік карантин жарияланды

Коронавирус анықталған тестілердің көлемі 2 есе көбейген.

Қазір бұл ел індеттің үшінші толқынымен күрес жүргізіп жатыр. Бірақ халық карантин талаптарына лайықты түрде құлақ аспай отыр. Осыған байланысты билік түрлі шараларды қолға алуда. Көшеге арнайы адамдар шығарып, дауыс зорайтқышпен жүріс-тұрысты шектеуді түсіндіріп әлек. Қала басшылығының мәлімдеуінше, шұғыл емделуі тиіс науқастар саны артып барады. Қазірдің өзінде Боготадағы жансақтау бөлімдерінің 70 процентіне дейін толып қалған. Билік осы 3 күндік карантин нәтиже бермесе, локдаун мерзімін тағы ұзартатынын ескертті.

Энрике Мазенет, эпидемиолог:

– Аймақтағы басқа елдермен салыстыра қарағанда, біз вакциналау бойынша артта қалып тұрмыз. Бізде Латын Америкасындағы ең жақсы қызмет көрсету саласы қалыптасқан, бірақ тұрғындарымыз шектеулерді сақтамайды, тәртіпке бағынбайды. Осы жағынан үлкен кемшілігіміз бар. Сондықтан індет әлі өрши бермек.