Бразилияда соңғы тәулікте ковид дертінен 800-ден астам адам көз жұмды

Бразилияда соңғы тәулікте ковид дертінен 800-ден астам адам көз жұмды
фото: aa.com.tr

Коронавирус індеті өршіп тұрған Бразилияда тәртіп сақшылары рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Операция кезінде Сан-Паулу қаласында карантинді бұзған бірнеше түнгі клуб анықталды. Тәртіп бұзғандарға 27 мың АҚШ доллары шамасында айыппұл тағылды. Ондаған адам қамауға алынды.

Айта кетейік, Бразилияда соңғы тәулікте ковид дертінен 800-ден астам адам көз жұмған. Аймақтағы ауруханаларда бос орын тапшы. Жергілікті билік наурыз айының басында қатаң шектеу шараларын енгізіп, коменданттық сағат жариялаған болатын. Заңға сәйкес елдегі барлық қоғамдық тамақтану орындары мен түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бүгінде заңға бағынбаған 405 мекеме жабылды.