427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бананның ең көп таралған түріне қауіп төнді

  • 120
  • UPD: 15:31, 14.04.2021
Бананның ең көп таралған түріне қауіп төнді

Банандардың ең көп таралған «Кавендиш» деп аталатын түріне жойылып кету қаупі төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы неміс басылымдары жазды. Оған Tropical Race 4 деп аталатын топырақтық паразит себеп. Ауру осы банан түрі көптеп өсірілетін Оңтүстік Америка алқаптарына жеткен. Колумбия мен Гондураста алғашқы плантациялар жабылған. Мамандар топырақтық паразит ешбір химиялық дәріге өлмейтінін, ал осындай ауруға ұшыраған топырақ 30-40 жылдан кейін жарамсыз болып қалатынын айтады. Сондықтан бананды негізгі азық ретінде қолданатын елдерге салдары ауыр болады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы