Германия CureVac вакцинасын Перу мен Панамадан келген балаларға сынайды

Германияда КьюрВак ((CureVac)) вакцинасы балаларға сыналмақ. Оған 12-17 жас аралығындағы 40 ерікті қатысады.

Бәрі Перу мен Панама елдерінің азаматтары болады.

Айта кету керек, бұған дейін CureVac биотехнологиялық компаниясының басшылығы препараттың жақын арада ресми түрде мақұлданатынын мәлімдеген еді. Тіпті Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі неміс компаниясымен COVID-19 дертіне қарсы вакцинаның 405 миллион дозасын сатып алу туралы келісім-шарт жасасып қойыпты.