Бразилияда карантин кезінде сауық-сайран құрғандар қамауға алынды

Бразилияда карантин кезінде сауық-сайран құрғандар қамауға алынды

Бразилияның Сан-Паулу штатында індет кезіндегі шектеулерге қарамастан ойын-сауық кештерін ұйымдастырушылар көбейген.

Осындай жүздеген заңсыз отырыстың жолы кесілді. Полиция есіктерді бұзып кіруге мәжбүр. Операция кезінде ондаған адам қамауға алынды. Тексеріс шаралары әлі жалғасуда. Сондықтан темір торға қамалғандардың саны әзір нақты жария етілген жоқ. Дер кезінде жүргізілген рейдтердің көмегімен жоспарланған ойын-сауық кештерінің 95 проценті мүлде болмай қалған.

Эдуардо Бротеро, арнайы операция жетекшісі:

- Коронавирустан бүкіл әлем зардап шегуде. Әсіресе індет біздің ел мен қалада ие бермей отыр. Осындай ауыр кезеңде қаскүнемдер заң талаптарын өрескел бұзудан еш қорықпайды. Олар ережеге бағынған басқа азаматтардың өміріне қауіп төндіріп жатқанын сезінбейді.