Филиппинде жол апатынан 13 адам көз жұмды

Филиппинде жол апатынан 13 адам көз жұмды
facebook.com/provinceofkalinga

Филиппиндегі Калинга провинциясында жол талғамайтын көлік суару каналына құлап, кем дегенде 13 адам қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті билік Facebook-тегі парақшасында.

Оқиға Табук қаласында болған. Апат кезінде ішінде 15 адам болған Ford Everest жол талғамайтын көлігі суару каналына құлаған.

«Біздің құтқарушылар барлық күш-жігерін салды, өкінішке қарй, 15 жолаушының 13-ін құтқара алмадық», – делінген хабарламада.

Билік мәліметінше, 12 адам ауруханада көз жұмған. Қалған үшеуі басқа медициналық орталыққа жеткізілді, олардың арасында тағы бір өлім тіркелді.

CNN Philippines телеарнасының хабарлауынша, қайтыс болғандардың арасында үш жастан бес жасқа дейінгі балалар болған.