Әлемде пандемия кезінде жиналған мұнай қоры таусылғалы тұр

Әлемде пандемия кезінде жиналған мұнай қоры таусылғалы тұр

Ковид-19 кезінде жиналып, артылып тұрған мұнай қоры таусылуға жақын.

Бұл туралы Хаылақаралық Энергетика агенттігіне сілтеме жасаған Блумберг агенттігі хабарлады.

Қоймалардағы «қара алтын» көлемі ақпан айына қарай 249 миллион баррельден 57 миллион баррельге дейін азайған. Сарапшылардың айтуынша, бұған әлем бойынша мұнайға деген сұраныстың қалыпқа келуі мен бағаның өсуі себеп болған. Биылғы жылдың екінші жартысында «қара алтынның» бір баррелі 74 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деген болжам бар. Қоймаларды босату туралы шешімді ОПЕК+, Ресей және Сауд Арабиясы құптап отыр.