АҚШ-та халықтың 5 млн-ға жуығы екпенің екінші компонентін алмаған

АҚШ-та халықтың 5 млн-ға жуығы екпенің екінші компонентін алмаған
Ferra.ru

АҚШ-та «Пфайзер» және «Модерна» екпесінің алғашқы дозасын алғандардың 8 пайызы, яғни халықтың 5 миллионға жуығы екпенің екінші компонентін алмаған.

Халықтың бір бөлігі екінші компоненттің тиімділігіне күмәнмен қараса, енді бірі оның теріс әсерінен сескенетін көрінеді. Осы орайда, сала мамандары түсіндірме жұмыстарының дұрыс деңгейде жүргізілуін талап етіп жатыр. Ал Байден әкімшілігі бес миллионның айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес екендігін алға тартты.

Дженнифер Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

– Пандемия уақытында халықтың қандай да бір әрекетін болжау қиынға соғады. Дегенмен бізді қуантатын жағдай – халықтың 92 пайызы ковид екпесінің екінші дозасын қабылдады. Бұл біз үшін өте үлкен көрсеткіш.

«Пфайзер» және «Модерна» екпесінің екінші дозасын салдырудан бас тартқандармен бірге, «Джонсон энд Джонсон» вакцинасына күмәнмен қарайтындар да артып барады. Жаңа зерттеуге қатысқан америкалықтардың 73 проценті аталмыш вакцинаны алуды қаламайды екен. Оған қанның қоюлану деректері тіркелген жағдайлар себеп. Дегенмен ондай қауіптің ықтималдылығы өте төмен.

Джанет Удкок, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігінің маманы:

– Біздің әкімшілік пен аурулдарды бақылау және алдын алу орталығының мамандары қанның қоюлануына әкелген жайттардың тіркелгенін растайды. Бұл негізінен 18 жастан асқан бойжеткендерден байқалған. Және де осыған қатысты зерттеу жұмыстары жалғаса бермек. Алайда біздің мамандарымыз «Джонсон энд Джонсон» вакцинасының тиімділігі жоғары екендігін бір ауыздан растап отыр.