Қытайда ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 18 адам жарақат алды

Қытайда ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 18 адам жарақат алды

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық аймағында белгісіз біреу балабақшаға шабуыл жасады.

Салдарынан 16 бала мен екі тәрбиеші жарақат алды.

Оқиға Бэйлю қаласында жергілікті уақытпен 14:00 шамасында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша 16 бала мен екі тәрбиеші пышақ жарақатын алған, екі баланың жағдайы ауыр.