Германиядағы ауруханалардың бірінде төрт адамды айуандықпен өлтіріп кеткен

Германиядағы ауруханалардың бірінде төрт адамды айуандықпен өлтіріп кеткен

Германияның Потсдам қаласындағы ауруханалардың бірінде 4 адамды айуандықпен өлтіріп кеткен.

Тағы бір кісі жарақат алды. Жантүршілгерлік оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат 9-ға таман орын алған. Марқұм болғандар осында ем қабылдап жатқан науқастар болған. Полиция олардың бәрі азап көргенін, ал шабуылдан тірі қалған адамның ауыр халде жатқанын хабарлады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы әйел адам ұсталды. Ол осы аурухананың қызметкері болып шықты. Келіншектің мұндай айуандық әрекетке не үшін барғаны әзір белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.