Трамп тағы алты айға әлеуметтегі желідегі парақшаларынсыз қалды

Трамп тағы алты айға әлеуметтегі желідегі парақшаларынсыз қалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тағы 6 айға әлеуметтегі желідегі парақшаларынсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, Facebook компаниясының бақылаушы органы Американың 45-ші президентінің Facebook, Google, Twitter-дегі аккаунттарын бұғаттауды созу туралы шешім қабылдады. Содан кейін қайта қаралуы мүмкін. Трамптың өзі «компания оның сөз бостандығы құқығын аяққа таптап отыр» деп айыптап, «бұл мемлекет үшін масқара жағдай» деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі парақшалары биыл қаңтар айында оның жақтастарының Конгресске шабуылынан кейін бұғатталған. Себебі, Facebook Трамптың мәлімдемелері зорлық-зомбылыққа итермеледі деп тапқан. Осыдан кейін экс-президент өзінің ресми сайтын ашқан еді.