Перу елі үшін сәуір қасіретті ай болды

Перу елі үшін сәуір қасіретті ай болды

Перуде сәуір коронавирустан ең көп адам қайтыс болған қасіретті айға айналды.

Associated Press агенттігі осылай мәлімдеді. Бұл елде өткен айда 9 жарым мың тұрғын ажал құшқан. Сарапшылар өлім-жітім бұдан да көп болуы мүмкін деп ескертті.

Ел астанасы Лимада адам жерлейтін орын табылмай жатыр. Тұрғындар көз жұмған жақындарын қайда қоярын білмей әлек. Жалпы Лимада 65 зират бар екен. Бірақ олардың 20-сында санитарлық лицензия жоқ.

- Перу бай ел ғой, бірақ өкінішке орай, халқымыз қырылып жатыр. Құрбандарды кез келген жерге жерлеуге мәжбүрміз. 

Ауруханалар да лық толы.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, халық коронавирус жұқтырған туысын жатқызу үшін жансақтау бөліміндегі бір орынды бүйректеріне, көліктер мен жер телімдеріне айырбастауды ұсынып жатыр.