Темза өзенінде кемеге арналған қақпаға қыстырылған кит құтқарылды

Лондондағы Темза өзенінде құтқару операциясы өтті.

Арнада кемелердің жүруі үшін орнатылған қақпаға киттің баласы тұрып қалып, суға сүңгушілер шақырылды.

Жануар еркіндікке жіберілгенше мамандар оның үстіне су шашып отырды. Ал мамандар «шлюзге тұрып қалған солтүстік киттің баласы» деп отыр. Әдетте олар Атлант пен Тынық мұхитында өмір сүреді екен.